«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік шара
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан асып отыр. Еліміздің басты мерекесіне орай, 2019 жылдың 13 желтоқсан күні №7 Жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде мәжіліс залында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік шара өтті.Тәуелсіздік мерекесі – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын көрінісі. Қазақстан үшін бұл жылдар ілгерілеу мен орнықты даму кезеңі болды. Осы аралықта ел экономикасы қарқынды дамып,