13
декабрь
2019
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік шара
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан асып отыр. Еліміздің басты мерекесіне орай, 2019 жылдың 13 желтоқсан күні №7 Жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде мәжіліс залында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік шара өтті.Тәуелсіздік мерекесі – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын көрінісі. Қазақстан үшін бұл жылдар ілгерілеу мен орнықты даму кезеңі болды. Осы аралықта ел экономикасы қарқынды дамып, тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты.Мерекелік шарада мектебіміздің директоры Лобода Светлана Григорьевна және де қонақтарымыз Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері мектеп ұжымын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтады.Салтанатты кеш ҚР Мемлекеттік Әнұранынан бастау алып, қазақтың әсем әндерімен және тәтті күйлерімен жалғасын тапты. Әсіресе, «Тәуелсіз- ел ұраны» атты 4-5 сынып оқушыларының орындауларындағы хоры жиылған қауымның көңілінен шықты.Кеш барысында Шығыс Қазақстан технологиялық колледжінің студенттері мектеп ұжымын құттықтауларын «Тек Алға!» және «Мереке» әндерімен жеткізді. Мектебіміздің өнерлі оқушылары патриоттық тақырыптағы әндерімен, күйлерімен, билерімен залда отырған көрермендерге рух беріп, тамаша бір сезімге бөледі. Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, ағайын!







