12
февраль
2024
7,8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
7,8 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша 7,8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі болып өтті. №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінен олимпиадаға барлығы 9 оқушы қатысты. Қазақ тілі пәнінен 7-сынып оқушысы Бақбергенова Жібек жүлделі І орынды иеленді. Сондай-ақ математика пәнінен 7-сынып оқушысы Хайдаров Артем, химия пәнінен 8-сынып оқушысы Букреев Егор ІІ орын алса, информатика пәнінен 8-сынып оқушысы Еспенбетов Сандир ІІІ орын қатарынан көрінді. Дайындаған пән мұғалімдері: А.С. Жиенбаева, А.С. Шукыжанова, Г.Н. Кураева, А.М. Жайсанбаева. Жүлдегерлерді және оларды дайындаған пән мұғалімдерін құттықтаймыз. Алдаға уақытта да жеңім тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз.