14
октябрь
2023
«Зерде» қалалық кезеңі
14 қазан күні республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңі болып өтті. Бұл жобаға №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінен ағылшын тілі, орыс тілі, химия, биология, медицина, психология, экология бағыты бойынша барлығы 12 жұмыс қатысты. Оның екеуі командалық жұмыс болды. Қалалық кезеңнен 4 жоба жүлделі ІІІ орынға ие болды. Олар: Жұмашхан Інжу (Жетекшілері: Мырзахметова Г.Н., Жұмагелдинова Ә.Е.), Ержан Іңкәр (Жетекшілері Умарбекова Ф.Н., Кибатбаева М.В.), Запорожская Дарья (Жетекшісі: Рзабаева Г.К.) Кухаренко Софья, Кумарғазы Аяулым ІІІ орын алды. (Жетекшілері: Исакова И.А., Кураева Г.Н.). Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз. Алдағы уақытта алар асуларыңыз көп болсын!